Елордада жаңа автобус бағдары іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 4 тамыздан бастап «Арнау» тұрғын үй кешені мен «№1 Индустриалды парк» аралығында қатынайтын жаңа автобус бағдары іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ертеңнен, яғни 4 тамыздан бастап «Арнау» ТК - «№1 Индустриалды парк» аралығында жаңа №15А автобус бағдары іске қосылады. Бағдар №15 бағдардың қозғалыс сызбасына сәйкес жүреді. Алайда, ол №1 Индустриалды паркке қызмет көрсететеді», делінген хабарламада «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында .


Еске сала кетсек, астанада 3 тамыздан бастап қоғамдық көлік қайта жүре бастады.



Соңғы жаңалықтар