Елордада жалға алынған гараждағы жасырын зертханада синтетикалық есірткі жасалып келген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жалға алынған гаражда синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

«17 мамырда ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті жалға алынған гаражда синтетикалық есірткі жасауды және оны жасырып кету арқылы сатуды ұйымдастырған Қазақстан Республикасының К деген азаматын ұстады. Есірткі зертханасында тінту барысында шамамен 500 гр A-PVP синтетикалық есірткісі, құтылар, таразы, магнитті араластырғыш, вакуум сорғы, электр плитасы, сондай-ақ психотроптық зат қалдықтары бар әртүрлі ыдыстар және 70 литр әртүрлі прекурсор алынды», делінген хабарламада.

Одан басқа, салмағы шамамен 2,5 келі болатын бес жерге жасырылған психотроптық зат табылып, тәркіленді.

«Заңсыз айналымнан құны қара нарықта шамамен 60 млн теңге болатын 3 келіге жуық А-PVP психотроптық зат алынды. К деген азамат қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар