Елордада вокзал маңында жас жігітті пышақтап кеткен бұзақы ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Күдіктіні полиция қызметкерлері видеобақылау камералары арқылы жылдам қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«17 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің инспекторы видеобақылау камерасы арқылы теміржол вокзалының маңында ер адамдардың төбелесіп жатқанын көрген. Орталықтың инспекторы бірден оқиға орнына полиция жасағын жіберді. Санаулы минуттар ішінде 31 жастағы ер адамға пышақ салған күдікті ұсталды. Жарақат алған жәбірленуші ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлайды қалалық департаменттен.

Қазір аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалған.

Соңғы жаңалықтар