Елордада ұялы байланыс сапасын жақсарту үшін 16 антенна орнатылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының бөлім басшысы Даниал Әйткенов елордада ұялы байланыс сапасын дамыту жұмыстары қалай жүргізілетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұялы байланыс қызметтерінің сапасын жақсарту үшін әкімдік Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, байланыс операторларымен антенналық-мачталық құрылымдарды орнатады», - деді Даниал Әйткенов онлайн брифинг барысында.

Оның айтуынша, биыл қала аумағында 16 антенналық-мачталық құрылым орнатылады. Бұл жұмыс өз кезегінде қаладағы интернет сапасын арттыруға септігін тигізбек.

«Біз қала аумағында ұялы байланыс пен интернет нашар тартатын орындарды анықтадық. Сол учаскелерде ұялы байланыс операторларының базалық станцияларын орнатамыз. Ол өз кезегінде ұялы байланыс саласындағы кемшіліктерді жояды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар