+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Елордада ТЖД-ның жаңа басшысы тағайындалды

2019 жылғы 15 қараша 14:22
Бөлісіңіз:
Елордада ТЖД-ның жаңа басшысы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болып азаматтық қорғаныс полковнигі Бауыржан Сыздықов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасына жаңа басшы келді Жамбыл облысындағы Сарысу ауданына жаңа әкім тағайындалды Түркістан облысында комиссия шешімімен жұмыстан босатылған дәрігер бөлім меңгерушілігіне тағайындалды

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жеке құрамға елордалық ТЖД-ның жаңа бастығын таныстырды.

Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов 1973 жылы 14 маусымда бұрынғы Шымкент облысы Бөген ауданы Задарья ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін (гигиенист-эпидемиолог дәрігер), 2010 жылы РФ ТЖМ Азаматтық қорғаныс академиясын, 2019 жылы «Синергия) Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университетін заңгер магистрі дәрежесімен тәмамдаған.

2001 жылдан бері азаматтық қорғаныс органдарында жұмыс істейді. Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖБ аға офицері болып бастаған. 2010-2012 жылдары ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс департаменті Халықты және аумақты қорғау басқармасының бастығы, 2012-2014 жылдары ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық ТЖД бастығының орынбасары, 2014-2015 жылдары ҚР ІІМ Ақтөбе облыстық ТЖД бастығының орынбасары, 2015 жылғы ақпаннан - Ақтөбе облыстық ТЖД бастығы болды.

Марапаттары: 2002 жылы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл» медалі, 2012 жылы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл», 2010 жылы «Оқуда ерекше жетістіктері үшін» медалі; 2012 жылы III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі, 2010 жылы Ресей ТЖМ АҚА «Оқуда жеткен жетістіктері мен қосқан үлесі үшін» белгісі;

2010 жылы III дәрежелі Ресей ТЖМ АҚА «Ресей ТЖМ Азаматтық қорғаныс академиясының» ерекшелік белгісі, 2010 жылы «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісі, 2012 жылы «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі, 2017 жылы «Айбын» ордені.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT