Елордада Түркістан көшесі жартылай жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Түркістан көшесі 9 маусымға дейін жартылай жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жол желісін орташа жөндеу аясында Түркістан көшесінде Достық көшесінен Д.Қонаев көшесіне дейінгі учаскеде жол құрылысы жүргізілуде. Осыған орай, 3-9 мамыр аралығында аталған учаскедегі жолды жартылай жабу жоспарланған.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін баратын бағдарын алдын-ала жоспарлауы керек. Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз, жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар