Елордада тұрғын үй кешеніне 17 сағат газ берілмеген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Редукторы қатып қалған «Ақбота» тұрғын үй кешенінің тұтынушылары 17 сағат газсыз отырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына сілтеме жасап.

«19 қараша күні кешкі сағат 20:00-де Республика даңғылындағы 43а мекенжайында орналасқан «Ақбота» тұрғын үй кешенінде газгольдер редукторының қатып қалуына байланысты, тұтынушыларға газ берілмеді. Апаттық қызмет пен «АстанаГазҚызмет» ЖШС эксплуатация қызметінің қалпына келтіру жұмыстары және «Нұр-Сұлтан Орталық газбен қамту» орталығының жөндеу жұмыстары арқылы, 20 қарашада сағат 13:25-те тұрғындарға газ берілді», - деп хабарлады Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының баспасөз қызметі.

«АстанаГазҚызмет» ЖШС хабарлауынша, қысқы суықта редуктордың қатып қалуы сынды техникалық жағдайлардың болуы қалыпты.

Соңғы жаңалықтар