+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Елордада түнгі сағат екіде көше кезген 3 және 5 жастағы сәбилер табылды

2021 жылғы 17 қыркүйек 19:01
Бөлісіңіз:
Елордада түнгі сағат екіде көше кезген 3 және 5 жастағы сәбилер табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада полиция қызметкерлері «Жасөспірім» алдын алу іс-шарасы аясында нашар отбасыларға қатысты рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың жұмысы балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алумен ғана шектелмейді. Оларға балалар мен жасөспірімдердің ата-аналармен де жұмыс істеу жүктелген.

«Өкінішке орай ата-аналардың барлығы бірдей балаларын тәрбиелеу ісімен лайықты деңгейде айналыспайды. Ішімдікке немесе есірткіге еліту, бейәдеп қылық таныту, балаларға дөрекілік көрсету сынды жат қылықтардың орын алу фактілері бар. Мұның барлығы да кәмелетке толмағандарды тәрбилеу ісіне теріс әсерін тигізуі мүмкін», - деп атап өтеді департаменттен.

Ал Нұр-Сұлтан қалалық ПД ювеналды полиция бөлімінің бастығы Нэлля Досжанова «полиция әрбір бала отбасында өмір сүруі тиіс!» деген ұстаныммен жұмыс істейтіндігін айтады.

«Біздің міндетіміз – тәрбие беруден жалтаранатын әке мен ананы түзетуге барынша мүмкін іс-шараны қабылдау. Өкінішке орай, кез келген жағдайда жұмыс әңгімелесімен және тұрғылықты жерді тексерумен аяқтала бермейді. Мұндай жайтта біз ата-ана құқығын шектеу немесе айыру туралы мәселені көтеру арқылы жауапкершілікке тартуға мәжбүрміз», - деді ол.

Департамент мәліметінше, елордада құқық қорғау органдарының есебінде шамамен 200 отбасы тіркеуге алынған. Бұл отбасыларда 425 кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде. Жыл басынан бері 2 азамат ата-ана құқығынан айырылса, 7 адамның ата-ана құқығы шектеліп отыр. Жалпы елордада ата-ананың бала тәлім-тәрбиесіне немқұрайлы қарайтындығына қатысты фактілер де жиілеп тұр.

«Мәселен, 15 қыркүйек күні түнгі сағат 2-де 102 нөміріне хабарласқан қала тұрғыны Уәлиханов көшесінде жол бойында екі баланың жүргені туралы хабарлады. 3 және 5 жастағы сәбилер Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Құқық қорғаушылар сәбилердің үйде жалғыз болғанын және өз беттерінше жүргенін анықтады. Олар түнгі сағат 2-де үйден шығып кетіп, жол бойында жүрген. Ал дәл осы уақытта олардың ата-аналары көршілерінің үйінде ішімдік ішіп отырған. Полиция қызметкерлері олардың аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК 127-бабымен әкімшілік хаттама толдырды. Отбасы ювенальды полиция бақылауына алынды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған балалардың аналарына қатысты ата-ана құқығынан айыру немесе шектеу мәселесін қарастыру үшін құжаттар жиналып жатыр», - деп атап өтеді департаменттен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT