Елордада түн жарымында көше кезген 30 баланың ата-анасы айыппұл төлейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерлерде болуына жол бермеу мақсатында ювеналдық полиция қызметкерлері жергілікті рейд өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары қоғамға қарсы әрекеттерді анықтау мақсатында аулаларды, саябақтарды, скверлерді және жастар мен кәмелетке толмағандар жиналатын басқа да орындарды тексерді.

Мысалы, сағат 23:40-та Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының ПБ ювеналдық полиция қызметкерлері Қонаев көшесінің бойындағы әкімшілік учаскеде сағат 23:00-ден кейін жүрген 17 жастағы жасөспірім анықталды.

Жасөспірімнің заңды өкілінің қатысуымен ҚР ӘҚБтК 442-бабы 2-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Екі күннің ішінде полиция 23:00-ден 06:00-ге дейін тұрғынжайдың сыртында заңды өкілінсіз жүргені үшін 30 азаматты әкімшілік жауапқа тартты.

Сонымен қатар рейд барысында әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларын түсіндіру бойынша профилактикалық әңгіме жүргізіле отырып, балалардың құқығын бұзу фактілерін анықтау үшін нысандар тексерілді.

Осы жылдың басынан бері тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болғаны бойынша 2 600-ге жуық, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болғаны бойынша 89 және кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені бойынша 53 адамды әкімшілік жауапқа тартты.


Соңғы жаңалықтар