Елордада тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ертеңнен бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымын еркін таңдау науқаны өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін республика бойынша азаматтардың алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымын еркін таңдау науқаны өтеді. Сонымен қатар, 15 қыркүйекте халықтың денсаулығын қорғауда аса маңызды іс-шара - тұмауға қарсы вакцинациялау басталады», - деді ол елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына тіркеу амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көрсету үшін негіз болып саналады және келесі принциптер бойынша жүзеге асырылады:

1) аумақтық қол жетімділік;

2) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымын еркін таңдау;

3) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету дәрігерін (жалпы тәжірибе дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр) еркін таңдау;

4) отбасылық қызмет алу.


Соңғы жаңалықтар