Елордада «Сыйлықтар әлемі» атты көрме ашылды

None
None
sp;АСТАНА. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елорданың Конгресс-Холл сарайында «Сыйлықтар әлемі» атты көрме ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне орай ұйымдастырылып, сантүрлі өнімдер қойылған көрмеден тұрмысқа қажетті кез-келген затты сатып алуға болады. Онда Түркия, Беларус, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты елдермен қатар Қазақстанның компаниялары ұсынған кәдесыйдан бастап, зергерлік бұйымдар, ыдыс-аяқтар, төсеніштер, киім-кешектер, үй өсімдіктері орын алған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жәрмеңке біраз уақыттан бері жыл сайын тұрақты өтіп келеді. Көрмеге 80-ге жуық тауар өндірушінің өнімдері қойылған.

«Елорда тұрғындары бұл жәрмеңкені жыл сайын асыға күтеді. Себебі бұл жерден қалаған затыңды сатып алуға мүмкіндік мол. Жалпы біздің басты мақсатымыз - елорда тұрындарына жаңажылдық көңіл-күй сыйлау», дейді жоба директоры Дана Морозова.

Жоба директорының айтуынша, келер жылдың наурыз айының басында  елорда тұрғындары халықаралық наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылатын «Көктемгі тосын сыйлық» атты жәрмеңкеден қалаған сыйлықтарын сатып алуға мүмкіндік алады.

«Сыйлықтар әлемі» атты көрме желтоқсанның 22-сіне дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар