+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Елордада «Сергек» мәліметтерін бұрмалап көрсеткендерге қатысты қылмыстық істер қозғалды

2020 жылғы 28 қазан 13:57
Бөлісіңіз:
Елордада «Сергек» мәліметтерін бұрмалап көрсеткендерге қатысты қылмыстық істер қозғалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Сергек» камералары тіркеген мәліметтерді бұрмалап көрсеткендерге қатысты қылмыстық істер қозғалды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Шыңғыс Қабдула мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сайрам ауданында ауыл әкімдігінің кеңсесі «Адалдық алаңына» айналды Қазақстанның барлық аудандарында сервистік әкімдік ашылады - агенттік 33 млн теңге пара алған әкім орынбасары 73,4 млн теңге айыппұл төлейді

«Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар қылмыстық іс қозғалды. Олар «Сергек» камералары тіркеген деректер бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтардың бірыңғай реестріне бұрмаланған мәліметтерді жүйелі түрде енгізе отырып, ереже бұзғандардың жауапкершіліктен жалтаруына ықпал еткен», - деді Шыңғыс Қабдула Astana Adaldyq Alańy-ның әлеуметтік желідегі парақшасында өткен брифингіде.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде аталған фактілерге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, күдіктілер анықталуда.

«Сергек» деректер базасынан өшірілген құқықбұзушылақтар өте көп», - деді департамент басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT