Елордада ресто-барда желіде тікелей эфир жүргізгендер өздерін полицияға ұстап берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада той үстінде тікелей эфир жүргізген адамдар карантинді бұзғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желге мониторинг жүргізу барысында 1 тамызда Бауыржан Момышұлы даңғылында орналасқан «Какие люди» ресто-бардың карантин режимін бұзғаны анықталды. Мониторингілеу тобы келген кезде ақпарат расталды.


«Мекеме Бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауға тыйым салуына қарамастан, жұмыс істеген.

Ресто-бардың ішіндегі келушілер көңіл көтеріп, караокемен ән айтқан, санитарлық нормаларды бұзған. Сондай-ақ, әлеуметтік желіге шығып, тікелей эфир жүргізген. Үстелдер келушілерге әзірленген», делінген хабарламада.

Мекеме иесіне қатысты жиналған материал ҚР ӘҚБК 425-бабымен әкімшілік жауапқа тарту үшін уәкілетті органға жолданған.

Санитарлық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы, әкімдік қызметкерлерінен, волонтерлардан және полицейлерден құрылған мониторингі тобы карантин режимін бұзғандарды анықтау үшін рейд жүргізуді жалғастырады.

Азаматтар қолданыстағы қаулыға қарамастан, осы уақытқа дейін ойын-сауық мекемелеріне барудан бас тартпай жатыр.

Мобильді топтар демалыс күндері 155 кәсіпкерлік объектісін тексеріп, 40 фактіні анықтады.

Қалалық Полиция департаменті кәсіпкерлерді карантин шараларын бұзғаны үшін жауапқа тартылатынын ескертеді және азаматтарды көпшілік шараларға бармауға және отбасылық тойларды өткізуден бас тартуға, сондай-ақ санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар