Елордада республикалық патриоттар форумы өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада ҚР Ұлттық музейі залында дәстүрлі патриоттар форумына еліміздің барлық өңірінен 200 делегат қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі форум қазақстандықтардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырады. Осы жерде бас қосқан азаматтарды еліміздің бетке ұстар тұлғалары деп білемін, себебі ел алдындағы борыштарыңызды өз еңбектеріңізбен дәлелдеп отырсыздар. Бүгінгі форум сіздерде басқа да игі бастамаларға жетелейді деген ойдамын», - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.

Форум жұмысы аясында қызметтік борышын адал атқарып, өз саласында жемісті еңбектерімен, қол жеткізген жетістіктерімен, Отан алдындағы ерен ерлігімен дараланған азаматтар марапатталды.

Соңғы жаңалықтар