Елордада «пысық» жасөспірім өзгенің көлігін сатып жіберген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өзгенің көлігін сатып жіберген «пысық» жасөспірім ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының комендатурасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полицияға елорда тұрғыны жүгініп, Бейбітшілік көшесі бойындағы үйдің ауласында бұзылып тұрған «Лада Приора» маркалы көлігін түн ішінде белгісіз біреудің ұрлап кеткені туралы шағымданды.

Тергеу барысында көлік иесі оталдыру кілтін машина ішінде қалдырып, есігін ұзақ уақыт жаппағаны анықталды. Бұл жайтты 17 жастағы жасөспірім пайдаланған. Жасөспірім өзін көлік иесімін деп таныстырып, танысына машинаны азын-аулақ сомаға сатып алуды ұсынған. Сатып алушы көлікті сүйретіп әкеткен», - делінген комендантураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция қызметкерлерінің айрықша бақылауына алынды.

«Оның іс-әрекеті Жасөспірімдер ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралып, онда әумесерлік мінез-құлқы бар балаларға арналған арнаулы мектепке жіберу шешімі қабылданды. Соңғы шешімді сот қабылдайтын болады», - деп атап өтеді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар