Елордада полицей отқа оранған пәтерден әйел адамды алып шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда полицейі отқа оранған пәтерден әйел адамды алып шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше сағат 13:25-тер кезінде полицияға Петрова көшесі бойында орналсқан үйдің бірінші қабатындағы терезеден түтіннің иісі шығып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Осы орайда оқиға орнына дереу полиция қызметкері Азамат Өтегенов жетті», - делінген хабарламада.

Пәтердің есігін ешкім ашпағаннан кейін, полицей шұғыл түрде үйдің тұрғындарын аулаға шығары бастады.

«Осыдан кейін оқиға орнына келген патрульдік көліктен қажетті құралдарды алып, полиция қызметкері терезе алдына орнатылған темір торды бұзып, пәтерге кірді», - деп атап өтілген департамент мәліметінде.

Пәтердің ішінде ол ес-түссіз жатқан әйелді көріп, оны дереу далаға алып шыққан. Осыдан кейін оған медициналық көмек көрсетілді. Кейіннен өрт сөндірушілер аталған пәтердің дәретханасынан ер адамды тауып алды. Өкінішке қарай, оның өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.


фото:facebook.com/Zhassulan Ospanov
Соңғы жаңалықтар