Елордада пәтерді жөндеп жатқан жұмысшы сейфті 7-қабаттан лақтырып жіберген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пәтерде жөндеу жұмыстарын істеп жатқан жұмысшы сейфті бұзып аша алмаған соң терезеден лақтырып жіберген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызетіне сілтеме жасай отырып.

Криминалдық полиция қызметкерлері 25 жастағы күдіктіні ұстады.

«Тергеу барысында анықталғандай, әйел адам пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жұмысшыны шақырған. Жұмыс істеп жүріп жас жігіт балконда тұрған сейфке көзі түседі. Түрлі құралмен оны бұзып ашпақ болады, бірақ бұл әрекетінен түк шықпайды. Ішінде ірі көлемде ақша бар деп ойлап, күдікті сейфті 7-қабаттан терезеден лақтырып жіберіп, өзі тез арада пәтерден шығып кеткен. Сейф түскен жерге келіп, оның ашылмағанын көріп, күдікті оқиға орнынан қашып кетеді», - деп хабарлады ведомстводан.

Оқиғаның куәгерлері полиция шақырған.

Анықталғандай, сейфте құжаттар мен 4 500 АҚШ доллары болған.

Қазір ұры ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, айғақтар тәркіленді. Ер адамның бұған дейін елордада болған осындай басқа оқиғаларға қатысы бар ма тексеріліп жатыр. Бұған дейін оның ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды.


Соңғы жаңалықтар