Елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН
11.00-де Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінде Түркияның Демократия және ұлттық бірлік күні қарсаңында арнайы брифинг өтеді.
12.30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ алаңында «Зерде» холдингі» АҚ трансформациясы» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Арман Әбдірасылов, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
14.30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ алаңында «Карантин жағдайындағы Құрбан айт» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыынң төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.