Елордада Оқушылар сарайының маңында сауда дүңгіршегі өртенді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың оң жағалауында сауда дүңгіршегі өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін таңертеңгі сағат 08.59-да Мәмбетов көшесі, 1 ауданында, Оқушылар сарайына жақын маңда өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына жеткен кезде сауда дүңгіршегінің өртеніп жатқаны анықталды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында қызыл жалын сағат 09.12-де сөндірілді. Жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамның 2 техникасы мен 11 маманы жұмылдырылды»,- деді Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар