Елордада мерекелік театр кеші өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең халықаралық театр күні. Айтулы мереке күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы театрда мерекелік кеш өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық театр күніне арналған концерттік бағдарлама аясында «Қаллеки тынысы» премьералар апталығының қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтеді. Мерекелік кештің режиссері - Олжас Жақыпбек.

«Қаллеки тынысы» атты премьералар апталығы «27 наурыз – халықаралық театр күні» мерекесіне орай өтіп отыр.

Апталық 13-20 наурыз күндері аралығында өтіп, театр сарапшылары мен көрермендер назарына 2021-2022 жылдары сахналанған жаңа қойылымдар ұсынылды.

Театртанушы, өнертану магистрі Мирас Әбіл, театртанушы, PhD докторы Нартай Ескендіров, өнертанушы-журналист Назерке Жұмабай, театртанушы, драматург Қуат Ежембек, театртанушы Балжан Бекмағамбетова спектакльдерді толық талдау жасап, үздіктері анықталды.

Айтулы мерекелік шара 27 наурыз күні сағат 17:00-де Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында өтеді.


Соңғы жаңалықтар