Елордада мемлекеттік қызметкерлерге ағылшын тілі оқытылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада мемлекеттік қызметкерлерге ағылшын тілі оқытылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының елорда тұрғындары мен қонақтарына тілдік орта қалыптастыру бойынша іс-шаралар қабылдау туралы тапсырмасына сәйкес өткен жылы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Ол бойынша бірқатар іс-шараларды өткізу жоспарланған.

Соның бірі – ақпан айынан бастап шетелдік инвесторлар мен іскер туристер үшін барлық мемлекеттік және қалалық қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік құрылымдардың қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту. Осы мақсатта Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» КММ-ның ұйымдастыруымен наурыз айынан бастап ХҚКО, денсаулық сақтау мекемелерінің, аудан әкімдіктеріндегі «Фронт-офистердің», «IQala» орталығының қызметкерлеріне (барлығы 118 тыңдаушыға) ағылшын тілі курстары басталды. Курс шілде айына дейін аптасына үш рет оқытылады. Курс соңында қорытынды тест алынып, сертификат беріледі.
Соңғы жаңалықтар