Елордада медицина қызметкерлерін 2 компонентпен вакциналау басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада медицина қызметкерлерін 2 компонентпен вакциналау басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен 1 ақпаннан бастап медицина қызметкерлерін ерікті вакциналау науқаны басталды. 2021 жылдың 22 ақпанындағы жағдай бойынша 2008 медицина қызметкеріне вакцина егілді. Оның ішінде жедел жәрдем станциясы қызметкерлері – 63, алғашқы медициналық көмек ұйымдарының қызметкерлері – 1018, инфекциялық стационарлар – 161, реанимация бөлімшелерінің медицина қызметкерлері – 222, СЭК және ҰСО мамандары – 42, қалалық стационарлар – 383, президент ісі басқармасы қызметкерлері – 111 және ҚДС мамандары – 8. Бүгінгі күннен бастап медицина қызметкерлерін 2 компонентпен вакциналау басталды», - деді С. Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырған онлайн-брифингте.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда ақпан айының басынан бері 2192 вирус жұқтыру жағдайы тіркелген.

Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауырғандардың негізгі үлесі 30-39 жаста.

Қазіргі уақытта елордада 21 мектепте карантин жалғасуда.

Ал елордалықтар мамыр айында екпе ала алады.



Соңғы жаңалықтар