Елордада мас күйде көлік жүргізген жасөспірім ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада көлікке мас күйде отырған жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«17 қазанда сағат таңғы бесте полиция Абай даңғылында кәмелетке толмаған жүргізуші жүргізіп келе жатқан KIA CADENZA автокөлігін тоқтатты. Оны тексеру кезінде баладан алкогольдің иісі байқалған. Алайда жас жүргізуші алкогольдік ішімдік ішпегенін айтты. Кәмелетке толмаған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 8-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік сотына жіберілді. Сонымен қатар бұған дейін жас жігіттің мас күйінде қоғамдық орындарға жүргені үшін жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды», - деп хабарлайды департаменттен.

Жасөспірімнің заңды өкілі де әкімшілік кодекстің 440-бабы 3-бөлігі бойынша (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) жауапкершілікке тартылды. Материал процессуалды шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік сотына жолданды.

Жалпы демалыс күндері полиция қызметкерлері жүргізушілердің мас күйде көлік жүргізуінің 7 фактісін тіркеген.

«Сенбі күні сағат түнгі бірде 37 жастағы жүргізуші мас күйде «NISSAN NP 300» автокөлігін жүргізіп келе жатып, «LEXUS GS 300» маркалы автокөлікке соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталмыш жүргізушіге қатысты Әкімшілік кодекстің 608-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Сот шешімімен ер адам 20 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды», - деді департаменттен.


Соңғы жаңалықтар