+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Елордада «Мама» атты фотокөрме ашылды

2020 жылғы 13 қыркүйек 10:43
Бөлісіңіз:
Елордада «Мама» атты фотокөрме ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отбасы күніне орай елордадағы Достық үйінде «Мама» атты фотокөрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шара отбасы институтын насихаттау, көпбалалы аналарға көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Шараға көпбалалы аналар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен белсенді қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

«Отбасы күніне орай қоғамда белсенді жұмыс атқарып, еңбекте табысты болған, іскер әйелдердің фотокөрмесін ұйымдастырып отырмыз. Барлығы 24 әйел мен олардың отбасыларының фотолары бар. Ассамблея жанында бірнеше қоғамдық құрам қызмет атқарады. Солардың бірі әрі бірегейі елордалық ҚХА-ның Аналар кеңесі. Кеңес мүшелерінің фотосуреттері де осы көрмеге қойылған», - деді Нұр-Сұлтан қаласы ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Ләззат Құсайынова.


Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы. Мерекелік арнайы шығарылған төсбелгілерді Аналар кеңесінің белсенді мүшелеріне көрме аясында Ләззат Құсайынова табыстады. Олардың қатарында Наталья Рудой, Сарсенгуль Зиявдинова, Камета Ибраева, Ханифа Мациева, Шапаат Нурахунова бар.

«Аналар кеңесі алға қойған барлық міндеттерді іске асырып келеді. Елімізде орын алған төтенше жағдайларға қарамастан, қоғам белсенділері саналатын нәзік жандылар қайырымдылық іс-шараларымен қатар, психологиялық қолдау көрсету функциясын атқарды. Бүгінгі фотокөрме, бүгінгі әйелдер - ана өз жанұясын қорғаушы екенінің дәлелі», - деді Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Алтынай Тәңірбергенова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT