Елордада КВИ жұқтырса да, үйде отырмай қыдырып жүргендердің аты-жөні жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалықтар бұрынғыша үй карантині режимін бұзуды жалғастыруда. Өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке «қызыл» статусы бар 22 адам тартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Карантин мен оқшаулау режимін сақтау - әркімнің азаматтық міндеті.

Өкінішке қарай, әркім өзі үшін, денсаулығы үшін, өзгелердің жағдайы үшін жауап беруге дайын емес.

COVID-19 бойынша үй карантинін бұзғаны үшін «қызыл» статусы бар 22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды:

1. Балабек А.Ж.
2. Котляр Е.Я.
3. Байгабыл Р.
4. Алтынбаева С.
5. Жәрдемова А.С.
6. Дауменов К.М.
7. Хасимова Ж.
8. Керімбай Б.Б.
9. Алексей Г.
10. Атантаева С.А.
11. Орал Н.А.
12. Асыл А.Д.
13. Темешова Д.Т.
14. Гафурова А.М.
15. Редкокашин В.Н.
16. Жүсіпалі А.Д.
17. Байкадамова С.Т.
18. Аткельдиярова Д.М.
19. Абанова Р.Б.
20. Рамазанова А.И.
21. Тлебалдиева Г.Ш.
22. Клышева А.А.

Естеріңізге сала кетейік, «қызыл» статусы COVID-19 үшін ПТР зерттеуінің оң нәтижесін алған адамдарға беріледі.

«Қызыл» статусы бар адамдар өзін-өзі оқшаулауда (үй карантинінде) болуы тиіс, ПТР тестілеудің оң нәтижесі анықталған күннен бастап 10 күнді қоса алғанға дейін, ПТР тестілеудің теріс нәтижесі алынған кезде үй карантині 7 күнге дейін қысқартылады.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды пандемияға қарсы шараларды мүлтіксіз сақтауға шақырады: маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, сондай-ақ адам көп жиналатын орындарға бармауға тырысу.

Әрқайсымыздың өз денсаулығымыз бен жақындарымыздың денсаулығын сақтау үшін саналылық пен тәртіп қажет.

Коронавирустан қорғаудың жалғыз жолы – вакцинация.


Соңғы жаңалықтар