Елордада КВИ жұқтырғандар саны азайып келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елордада жүргізіп жатқан іс-шаралар арқасында сыртқаттанушылықтың төмендеу қарқыны артып, күн сайын КВИ жұқтырғандар саны біртіндеп төмендеп келеді. Орта есеппен аптасына 70,2-ден 69,2-ге дейін төмендеу байқалады. Бірақ, бұл ретте жұқтыру жағдайларын тікеу жоғары деңгейде қалып отыр. Бұл COVID-19 бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды көрсетіп, қала «сары» аймақта қалуын жалғастыруда», - деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен брифингте.

Маманның айтуынша, жыл басынан бері қалада КВИ бойынша сырқаттану саны 139 529 болса, пандемия басталғалы – 152 050 жағдай тіркелді.

Бір апта ішінде коронавирус бойынша 834 жағдай тіркелді, сырқаттану көрсеткіші алдыңғы аптадан 0,9 пайызға төмен.

«Қалада орта есеппен тәулігіне 122 жағдай тіркелді. Динамикада желтоқсан айының басында қарашаның басымен салыстырғанда сырқаттану көсреткіші 0,9 пайызға төмендегені байқалады. Бұл халықтың арасында вакциналау жұмысының артуымен байланысты», - деді Сархат Бейсенова.


Соңғы жаңалықтар