Елордада құрылыс алаңындағы қоқыстан өрт шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«24 қыркүйек күні сағат 19:35 минутта Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшесіне Кенесары көшесі 3А мекен-жайынан түтін көрінгені туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетіп, салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында 50 шаршы метр алаңда рубероид пен жиналған қоқыс жанып жатқаны анықталды», - делінген хабарламада.

ТЖД –нің мәліметінше, өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 19:49-да ауыздықтап, 19:57-де өрт толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Айта кетсек, аталған өрт оқиғасына қатысты видеолар мен суреттер алдымен желіде тарады.


Соңғы жаңалықтар