+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Елордада «Күлше қыз» балетінің премьерасы өтеді

2019 жылғы 7 желтоқсан 15:21
Бөлісіңіз:
Елордада «Күлше қыз» балетінің премьерасы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана Балет» сахнасында «Күлше қыз» балетінің премьерасы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Хрусталь туфли киген бойжеткен жайлы бала кезден таныс ертегіге «Астана Балет» сахнасында жан бітеді. Желтоқсанның 20, 21 мен 22 күндері астаналық театр Шарль Перроның асы аттас ертегісінің желісімен, заманымыздың һас хореографтарының бірі Надежда Калинина қойған екі көріністі «Күлше қыз» балетін паш етпек.

Осы балет жайлы естіген бойда, өнер сүйер қауым, премьерадан бір ай бұрын билеттердің бәрін сатып алған.

Көрерменнің осыналықты ынтызарлық танытып отырғанының себебі сол, елімізде аталған ертегі балет сахнасында алғаш қойылып отыр. Сергей Прокофьевтың ғажайып музыкасын қоюшы-дирижер Арман Оразғалиев басқаратын оркестр орындап шығады.

Премьераға дайындық екі ай бұрын басталған. Хореограф Надежда Калининаның айтуынша, «Күлше қыз» - шығармашылық жолындағы ең күрделі жобаларының бірі.

- Бұл алғаш қойылып жатқан дүние. Хореография, декорация, костюмдер, бейне контент – осының бәрін ойдан шығарып, арнайы «Астана Балет» үшін дайындап, киімдерін тігіп жатырмыз. Адам баласы ертегіні қажетсінеді. Біздің мақсат отбасыңызбен бірге көретін, заманауи стильде жасалған, тартымды кейіпкерлері көп, әзілі бар жарқын спекткль жасау. Балетте комедия жанры мүлдем сирек қолданылады, өйткені, сахнада тентектің кейіпін сомдау, күлдіру өте күрделі. Ол үшін белгілі бір дәрежеде ішкі бостандық қажет, - дейді балетмейстер.


Күлше қыздың өгей әпкелері, олардың кавалерлері, Өгей Шеше, тіпті Ханзаданың өзіне қызықты хореографиялық репликалар қосылған.

- Өз басым Ханзаданың тым салмақты, дүрдей болғанын қаламадым. Аракідік ол-дағы тентектік жасайды. Спектакль хореографиясын жасағанда мен әртістерге иек артамын, оларды әрдайым осы дүниені бірге тудырушы ретінде қабылдаймын. «Астана Балет» әртістеріне қарап, шабыттанамын. Бойыма қанат біткендей болады. Труппаның кәсіби тұрғыда осыншалықты өскені таң қалдырады, тамсандырады. Себебі, олармен осы театр құрылған шақта жұмыс істегенім бар.



Хореограф Надежда Калинина либреттоның да авторы. Декорация мен костюм суртешісі - танымал сценограф Сергей Новиков. Оның интерпретациясына сәйкес, балет оқиғасы Күлше қыздың күнделігі ретінде өрбиді. Сол себепті, кітап тақырыбы спектакльдің өн бойынан сезіледі: декорацияда, кішігірім бутафория мен костюмдерде.


Алдағы премьераға театрдың балет труппасы түгел қатысады. Нақты ешкімнің есімін атаған жоқ, дегенмен бір нәрсе айқын. Басты партиялардың біріне әртістердің үш-төрт құрамын дайындап отыр.

Спектакль 20 желтоқсанда, сағат 19:30-да, сондай-ақ желтоқсанның 21, 22 күндері, сағат 18:00-де басталады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Мәдениет, Өнер,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT