Елордада коронавируспен күресте көмектескен волонтерлер марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері пандемияға қарсы күресте көмек көрсеткен волонтерлерді марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда әкімдігінен мәлім еткендей, полицейлер пандемия кезінде қоғамдық тәртіп пен шектеу шараларын сақтауға белсенді атсалысқан еріктілерге алғыс айтты.

Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Малыбаев өз сөзінде еріктілердің еңбегі бүкіл қоғам үшін үлгі екенін жеткізіп, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.

Сонымен қатар жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Гүлмира Шрахметова ризашылығын білдірді. Ол карантин кезінде көмек көрсеткен және уақытпен санаспай, қоғам игілігі үшін қызмет еткен волонтерлер еңбегін ерекше атап өтті.

Тәртіп сақшылары волонтерлермен одан арғы ынтымақтастыққа сенім білдірді.

Еске салайық, Мемлекет басшысының бастамасымен 2020 жыл Волонтер жылы болып жарияланды.


Соңғы жаңалықтар