Елордада коронавирусқа байланысты ҰБТ уақыты шегерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Республикалық физика-математика мектебіне, Назарбаев зияткерлік мектебіне қабылдау үшін өткізілетін емтихан уақыты маусым айына шегерілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде елде енгізілген төтенше жағдай бойынша ҚР Президентінің тапсырмаларын жүзеге асыру аясында өткен.

«Биылғы оқу жылында 117 мектеп білім беріп жатыр. Оның 89-ы – мемлекеттік, 22-сі жеке меншік мектеп. Мектеп басшылары мен ата-аналар вирусты инфекция пайда болған жағдайда не істеу керектігі туралы жедел жиналыс өткізген. Бүгінгі таңда мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін каникулда», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.

Ол өтуі жоспарланған олимпиада, байқау, спорттық шаралар кейінге шегерілгенін айтты.

«ҰБТ уақыты да кейінге шегеріледі. Өтетін күні мен уақытын қосымша хабарлаймыз. Республикалық физика-математика мектебіне, Назарбаев зияткерлік мектебіне қабылдау үшін өткізілетін емтихан уақыты маусым айына шегерілді. Каникул кезінде мектептегі әкімшілік, техникалық жұмысшылар кесте бойынша жұмыс істейді, ал қалған педагогтар қашықтықтан жұмыс істеулеріне болады. Қаладағы мектептер интернетке толық қосылған, қазіргі уақытта біз «Күнделік» жүйесі бойынша жұмыс істейміз», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар