Елордада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1 аптада 40 пайызға көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1 аптада 40 пайызға артып кетті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда 22 маусымға дейін COVID-19-дың оң нәтижесімен 410 523 науқас және 56 546 КВИ- жағдайы тіркелді. Қазақстан Республикасы «сары» аймақта. «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы қалып отыр. Қалған өңірлер «сары» және «жасыл» аймақта тұр. Соңғы аптада коронавирус инфекциясымен ауру өсімі 4 пайызға артқаны байқалады. Бұл Нұр-Сұлтан қаласында бұған дейінгі аптамен салыстырғанда тіркелген жағдайлар санының 40 пайызға артуымен байланысты», - деді Алексей Цой.

Оның дерегінше, ауруханалардағы инфекцияның төсек-орындардың жүктемесі 25 және жансақтау бөлімдерінде 21 пайызды құрап отыр.

«Ауру көрсеткіші жоғары болған 7 өңірде инфекциялық та, реанимациялық та төсек-орындар жүктемесінің төмендеуі байқалады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар