Елордада коронавирус туралы өзекті ақпаратты әкімдіктің сайтынан білуге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қалада тәулік бойы «жедел желі» жұмыс істейді. Халықты уақытылы ақпараттандыру үшін елорда әкімдігінің сайты жаңа парақшаны іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Жаңа ресурстан тұрғындар коронавирус инфекциясы туралы ресми мәліметті таба алады. Парақшада COVID-19 жағдайы, дүкендер мен басқа да сауда нысандары, оқу орындары, көлік, діни мекемелер (мешіттер мен шіркеулер), мәдени және спорт мекемелерінің режимі мен жұмыс жағдайы туралы соңғы жаңалықтар жарияланады.

Сонымен қатар парақшада COVID-19 бар-жоғына тестілеуден қайда өтуге болатыны, зертханалардың мекенжайы, оқшаулау режимінде өзін-өзі қалай ұстау керегі, дәрігер бақылауымен үйде емделу, дәріханада дәрі-дәрмектің бар-жоғы туралы ақпарат бар.

Коронавирус бойынша «жедел желі» (тәулік бойы) – +7 (7172) 76-80-43; 1406; 109.

Жедел жәрдем – 103.

Ерікті болу – +7 701 356-22-96;

психологиялық қолдау қызметі – +7 (7172) 20-10-90, +7 771 996-09-27, +7 702 172-61-39;

қан плазмасына донор болу – +7 771 377-91-10 (тіркеу), +7 702 091-18-60 (тіркеу), +7 (7172) 54-32-38 (сенім телефоны).

Егер жұмыссыз қалсаңыз, мына нөмірге +7 (7172) 57-88-88 қоңырау шалыңыз. Қажетті қызметтің нөмірін таңдап, маманға хабарласыңыз.

Соңғы мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында 3 788 КВИ жағдайы тіркелді, емделіп шыққандар саны – 2721, 61 адам қайтыс болған.


Соңғы жаңалықтар