Елордада көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі қаза болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысты. Жол апаты салдарынан мотоциклдің жүргузішісі оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«17 қазан күні сағат 16:54-те «Daewoo Nexıa» маркалы автокөлік иесі Абылай хан даңғылының бойымен келе жатып, Жансүгіров көшесінің қиылысында мотоцикл жүргізушісімен соқтығысты. Алған жарақатынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза болды», - делінген хабарламада.

Жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Осы орайда Полиция департаменті жол қозғалысы кезінде мұқият болып, жолда жүру ережесін сақтау керектігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар