+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Елордада көлік апатынан 7 және 11 жасар екі бала көз жұмды

2021 жылғы 5 тамыз 12:18
Бөлісіңіз:
Елордада көлік апатынан 7 және 11 жасар екі бала көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада көлік апатынан кәмелетке толмаған екі бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері жол апатына ұшыраған үш әйелге қолұшын берді Өскеменде мас күйінде көлік тізгіндеген 24 жастағы жігіт дүкенге соғылды Петропавлда көлік бағдаршамға соғылып, бір адам мерт болды

Елордада 4 тамыз күні сағат 22:30-да «Howo» маркалы автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Қорғалжын тасжолы жағынан айналма жолмен келе жатып, Тілендиев даңғылына қарай жол бойында тұрған «Steyr» маркалы жүк көлігін қағып кеткен.

Келесі кезекте «Volkswagen Passat» автокөлігінің жүргізушісі әрекет етуге үлгермей, «Howo» көлігімен соқтығысады.

Жол апаты салдарынан оқиға орнында «Howo» автокөлігінің 11 және 7 жасар кәмелетке толмаған екі жолаушысы көз жұмды.

«Howo» және «Volkswagen Passat» автокөліктерінің жүргізушілері ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT