Елордада қоғамдық көліктер жүйесі бойынша жаңа тарифтер күшіне енеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «City Transportation Systems» («Астана LRT») компаниясының басшысы Бекмырза Игенбердинов Нұр-Сұлтандағы қоғамдық көліктер жүйесі бойынша жаңа тарифтер күшіне енетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылғы 28 наурыздан бастап 18 жасқа дейінгі балалар атаулы көлік картасы болған жағдайда қоғамдық көлікте тегін жол жүре алады. (Картаны «Астана LRT» мамандандырылған кассасынан алуға болады). Барлық кәмелетке толмаған оқушыларға, мәртебесіне қарамастан жол жүру тегін болады», - деді ол елордада өткен компанияның көрме-конференциясында.

Сонымен қатар сол күні жаңа жол жүру тарифтері, атап айтқанда 1, 3, 5, 15 күндік тарифтер, «Қала+экспресс», «Қала+экспресс+қала маңы» және басқа тарифтер күшіне енеді. Қоғамдық көлікті пайдаланушылар үшін қолданыстағы айлық жол жүрулер де қолжетімді болып қала бермек.

Компания басшысының айтуынша, бұл ретте жол жүру құнын өсіру туралы әңгіме қозғалып отырған жоқ.

Осылайша, көлік картасын пайдаланушылар үшін келесі тарифтерде қолжетімді:

Қолданыстағы:

Қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жол жүру төлемі (көлік карталары, SMS/QR) - 180 және 90 теңге;

«Айлық жол жүру. Қала» - 7500 теңге;

«Айлық жол жүру. Қала+қала маңы» - 9500 теңге;

Жаңа тарифтер:

«Айлық жол жүру. «Қала+экспресс» құны - 10 мың теңге. Бұл қалалық және экспресс бағдарларда шексіз сапарларға құқық береді.

«Айлық жол жүру. «Қала + экспресс+қала маңы» - 13 мың теңге.

«3 айлық жол жүру» - 20 мың теңгеден;

1 күндік жол жүру ақысы 500 теңгеден;

3 күндік жол жүру ақысы 1 500 теңгеден;

5 күндік жол жүру ақысы 2 мың теңгеден (4+1);

15 күндік жол жүру ақысы 4 мың теңгеден (8+7).

Соңғы жаңалықтар