Елордада кинорежиссер Ермек Тұрсыновтың «Мәмлүк» романының тұсаукесер рәсімі өтті

None
None
sp;АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында кинорежиссер Ермек Тұрсыновтың «Мәмлүк» романының тұсаукесер рәсімі өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл кітап араб халифатын билеген Бейбарыс сұлтанға арналған. Шығарма желісі 13 ғасырды қамтиды. Бұл мәмлүктердің билік құрған кезеңімен тұспа-тұс келеді. Кітап 6 жыл бойы мәмлүктердің жүріп өткен құмымен, жазық даласымен шарлап, бекіністерінде түнеген қызықты сапар барысында жазылды. Себебі мен кабинетте отырып жазатын жазушы емеспін. Ұзақ уақыт бойы араб елдерінде, атап айтқанда Бейбарыс сұлтан жерленген Сирияда, Египетте, Иорданияда, Иеменде, Израильде тұрдым», дейді Е.Тұрсынов.

Оның айтуынша, кітап көркем шығарма болғанымен ондағы оқиға желісі араб, француз, неміс және қазақ тарихи деректеріне негізделіп жазылған. Жалпы бұл тақырыпқа баруына Бейбарыс сұлтанның қазақ жерінің тумасы болуы түрткі болған.

Шара барысында араб тілінде жарық көрген Бейбарыс сұлтан туралы кітапты алғаш рет қазақ тіліне аударған «Егемен Қазақстан» газетінің президенті Сауытбек Әбдірахманов сөз сөйлеп, «Е.Тұрсынов  кітабының 150-дей ғана бетін оқып үлгердім, бастапқыда сценарий тілі сияқты болып қабылданған болатын. Бірақ бұл - алдамшы түсінік. Автордың өзіндік тілі бар. Бұл кино тілі де емес. Проза мен кино тілі арасындағы орта тіл. Мүмкіндігінше фразаны суретке құру, мүмкіндігінше фразаның ойнап тұруы кәдімгідей бір прозаның жаңа түрі ретіне көрінуі тиіс. Егер болашақта «Мәмлүк» кітабы қазақ тіліне аударылса және стиліне қатты көңіл бөлінсе, біраз жазушыға «осылай да жазуға болады екен-ау» деген ой салады», деді.

Оның айтуынша, әлемдегі ең тарихи, ең байыпты, ең ғылыми басылым ретінде танымал «Британика» энциклопедиясында Бейбарыс туралы арнайы мақала жарияланған. Екі нұсқада таралатын басылымның электрондық нұсқасында шамамен 4 бет, ал кітап күйіндегіде 50 жолдай Бейбарысқа арналған мақала бар. Әр әріпі саналатын кітап үшін бұл өте көлемді мақала. Бұл басылымда Бейбарыстың үш еңбегі аталады. Ол - моңғол шапқыншылығын, крест жорықтарын тоқтатуы және ислам дінін көтеруі.

Соңғы жаңалықтар