Елордада Керей, Жәнібек хандар - Ақмешіт көшелері қиылысында жол қозғалысына өзгерістер енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Керей, Жәнібек хандар мен Ақмешіт көшелерінің қиылысында барлық қатысушы үшін қауіпсіз жағдай жасау мақсатында жол қозғалысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғаларының саны мен себептерін зерделей келе 2020 жылы 250-ден астам факті тіркелгенін, сондай-ақ учаске «Ботаникалық бақ» саябағына қарай жаяу жүргіншілер бағытында екенін назарға ала отырып, жаяу жүргіншілердің Керей, Жәнібек хандар көшесі арқылы өтуі үшін бағдаршамның жану уақыты 18-ден 24 секундқа дейін ұлғайтылды.

Керей, Жәнібек хандар көшесінен Ақмешіт көшесіне қарсы ағынмен кедергісіз солға бұрылу үшін бағдаршам объектісінің қосымша секциялары орнатылды.

Ақмешіт көшесі бойындағы бұрылу маневрлері алынып тасталды, сонымен қатар қазіргі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ақмешіт көшесі бойымен Алматы көшесі жағынан Түркістан көшесі бағытында қозғалыс кезінде сол жақ бұрылу маневрлерін алып тастау туралы мәселе қаралуда.

Осыған байланысты барлық жол қозғалысына қатысушылардан осы өзгерістерді назарға алуды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар