Елордада «Қазіргі заманғы Германия» фото көрмесі ашылды

None
None
қпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордадағы қазіргі заманғы өнер мұражайында Қазақстандағы Германия жылына арналған «Қазіргі заманғы Германия» фото көрмесі ашылды.

Көрменің ашылу салтанатына қатысқан Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Райнер Ойген Шлагетер Германияның дәстүрлі құндылықтары мен инновациялық технологиялары, көне шеберлері мен қазіргі заманғы өнері, әлемге танымал өнімдері және әлемдік деңгейдегі суретшілері жайлы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар ол «Қазіргі заманғы Германия» атты көрмені ашып отырғандықтарын және оған жұртшылықтың көп жиналғанына өте қуанышты екендігін жеткізді.

«Бүгінгі көрме Германияның ішкі және сыртқы саясатына шолу жасауға мүмкіндік беріп, оның экономикасы, ғылымы және зерттеулері туралы ақпараттандырады. Менің ойымша, Германияның қоғамдық, әлеуметтік, мәдени және қазіргі заманғы өмірінің сан қырлылығы өте тартымды және көрнекті түрде бейнеленген», деді өз сөзінде Елші.

Сонымен қатар ол өткен аптада елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан-Германия 2010» жылының ресми ашылу салтанаты өткендігін атап өтіп, бүгінгі фото көрменің осы жыл шеңберіндегі іс-шаралардың шарықтау шегі болатындығын баса айтты. «Мен бұл сөзімді осы жерде де ризашылықпен қайталаймын. Көрме шынайы шарықтау шегі болып табылады. Әсерлі мазмұны және ерекше көркемдік пішіні үшін ғана емес, сонымен бірге ол жыл бойғы тұтас жоба ретінде ұсынылып, Қазақстан бойынша жылдық турмен аяқталады», деді ол.

Көрмеде 13 ақпараттық стендпен қатар неміс суретшісі Торстен Эльгердің фото туындылары қойылған. Оның көркемдік композицияларынан Германияның табиғат пейзаждарын, сәулет құрылыстарын жаңа қырынан тануға болады. Екі елдің арасындағы мәдени байланысты тереңдету мақсатында ашылған көрме қазіргі заманғы Германия өмірінің жеке фактілерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Германия Қазақстанның жетекші экономикалық әріптесі ретінде елдің инновациялық жобаларын дамытуға үлкен үлес қосып отыр. Екі ел арасындағы сауда-саттық көлемі 2009 жылы 3,6 миллиард еуроны құрады.

Соңғы жаңалықтар