Елордада қазақтілді онлайн контент жасаушылардың IV форумы басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада қазақтілді онлайн контент жасаушылардың «QAZFORUM 2020» шарасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форумға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ден астам медиамаман жиналды. Форумның тақырыбы - «Жаңа онжылдықтағы БАҚ: өзгерту уақыты және өзгеру уақыты». Онда қазақтілді БАҚ дамуының жаңа тенденциялары талқылаланады деп күтілуде.

Сондай-ақ, аталған шарада сарапшылар мен журналистер, блогерлер мен бейне-контентті жасаушылар қазақ тіліндегі контенттің өзекті мәселелерін ортаға салады.

QAZFORUM-ның бастамашысы және идеологиялық шабыт беруші - Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігі, ұйымдастырушы - Қазақстан баспасөз клубы.

Осы жылы бұл шараны «Air Astana» АҚ, «KaspiBank» АҚ, «BI Holding» АҚ қолдаған.

«Қазақта «Алға тартқан озады, кейін кеткен тозады» деген мақал бар. QAZFORUM осы көрініске сай - маңызды тенденцияларды ескеруді, жаңа кәсіптік білімнің көкжиектерін зерттеуді, алдағы сынақтар мен мүмкіндіктерге дайын болуды басшылыққа алатынына сенімдімін», - деді АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Х. Мозер форумның ашылуында.


Соңғы жаңалықтар