Елордада Қазақстанда экологиялық туризмді дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтеді

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Желтоқсанның 21-інде елордада Еуропалық одақ жобасы шеңберінде Қазақстанда экологиялық туризмді дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға қатысушылар «экологиялық туризм» тұжырымдамасын, оның Қазақстандағы туристік жобалардың жүзеге асуы шеңберінде пайдаланылуын талқылайды.

Экологиялық туризм туристік сектордың даму саласындағы ең басты басымдықтардың бірі және Қазақстан экономикасын әртараптандырушы ретінде қарастырылады. Оның негізгі ұстанымдары тұмса табиғатты сақтау және зерттеу, қоршаған орта туралы білімді толықтыру, сонымен қатар жергілікті материалдарды, тауарларды, жұмыс күшін пайдалана отырып,  туристік жобаларды жүзеге асыруға ауыл халқын тарту болып табылады.

Дөңгелек үстелді Еуропалық одақтың 160 000 еуроға жуық қаржылай қолдауымен Неміс табиғатты қорғау және биологиялық алуантүрлілік қоғамы мен Қарағанды экологиялық мұражайы жүзеге асырып жатқан «Экологиялық туризм және Орталық Қазақстанда қоғамдық хабардарлық» жобасы ұйымдастырады.

Соңғы жаңалықтар