+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Елордада Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы туралы еңбектің тұсаукесері өтті

2019 жылғы 22 қараша 20:55
Бөлісіңіз:
Елордада Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы туралы еңбектің тұсаукесері өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Назарбаев орталығында «Қазіргі Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы және дамуы (түпнұсқа)» кітабының тұсаукесері өтті. Туынды Қазақстанның егемендік алуының тарихи үдерісіне, тәуелсіздіктің бағаналы тірегі болған жеке институттардың қалыптасуы мен жетілуіне арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тұңғыш Президент Қорына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еңбек Ері Сайрамбай Дөненбаевты қабылдады Елбасының тарихи сәттері: Тәуелсіздік таңы атқаннан бүгінге дейін Ақтөбе облысында «Nur otan» жұмысын жандандыру жоспары құрылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашылық еткен қайта құрулар мен реформаларға тікелей қатысы бар мемлекет және қоғам қайраткерлері кітапты жазуға атсалысты. Кітап сонысымен құнды, сонысымен ерекше. Бұлар Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы онжылдығында Тұңғыш Президентпен бірге мемлекеттің маңызды институттары мен салаларын құру және дамыту жолында еңбек еткендер. Бұл еңбек арқылы оқырман егемен Қазақстанның даму кезеңдері, Елбасының идеялары мен нұсқауларының қалай жүзеге асқаны туралы біле алады.

Салтанатты рәсімде сөз алған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов «Кітап тарихшылар, ғалымдар мен саясаттанушылар үшін маңызды ақпарат көзі болып табылады. Сонымен қатар, кітаптың жас ұрпақ үшін ерекше маңызы бар деп санаймын. Ел тәуелсіздігінің алғашқы онжылдығында қандай кезеңдерді бастан өткергенін, жаңа әлемде жаңа Қазақстанды құруда Елбасының қандай іргелі ұстанымдар мен көзқарастарды басшылыққа алғанын жастар білуі тиіс. Осылайша, жастардың кітапты оқуы туған өлкенің тарихын білуге, оны насихаттауға, жастар арасында патриотизмді нығайтуға ықпал етеді. Бүгін тұсауы кесілген еңбектің басты құндылығы осында жатса керек», - деп ағынан жарылды.


Толымды туынды туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми де тұшымды пікір білдірді. Бұл ретте, ол елдегі реформаларға қатысқан адамдардың кітап жазудағы маңыздылығын былайша атады: «Ұлы Наполеонның сөздері бар: «Біз тарихшылар көшіріп жазатын тарихты жазамыз. Бұған жол бермеу үшін тарихты дер кезінде байытып отыру керек».



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT