Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық және мемлекеттік наградаларымен марапаттау рәсімі өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық және мемлекеттік наградаларымен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, шығармашыл және ғылыми зиялы қауым өкілдері марапатталды.

«Тәуелсіздік күні - қазақстандықтардың ортақ мерекесі. Ортақ мерекемізге Қазақстан халық ассамблеясының мүшелері, сондай-ақ еліміздің 30% құрамын алып жатқан басқа этнос өкілдері де еліміздің экономикасын, мәдениетін, білім-ғылымын дамытуға ең бастысы - бірлік-ынтымақты сақтауға өз үлестерін қосуда. Олардың арасындағы белгілі қоғам қайраткерлері, өнер адамдары, іскер азаматтар, ғалымдар ҚР Президентінің наградаларымен марапаттаймыз. Олардың еліміздегі ынтымақ пен бірлікті сақтауға қосып жатқан үлестері зор», - деді ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев.

Марапатталғандардың бірқатарына тоқталып өтетін болсақ, «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшесі Абдулхалил Долкунтай «Құрмет» орденімен, ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Хадиша Ерсейітова «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Kazakh TV телеканалының директоры Майя Бекбаева, «Хабар агенттігі» Акционерлік қоғамы Басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Думан Қыдырбаев, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры Асқар Умаров «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бiрлiк» алтын медалiмен, «ҚАЗПРОФТРАНС»-«ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясының төрағасы Ермек Төлегенов Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен, «Хабар-24» телеарнасының бас редакторы Бақытжан Омаров «Мейірім» төсбелгісімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар