Елордада қазақ тілінен орыс тіліне ілеспе аударма жүргізу курсы өткізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Тіл-Қазына» орталығы қазақ тілінен орыс, орыс тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жүргізуді үйрету курсын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық курсты мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырмақ.

«Аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасы, қазақ тілінің ресми стилі, аударманың лексика – грамматикалық және редакциялау мәселелері аясында оқу-әдістемелік көмек көрсетіледі. Курста аударма теориясы, жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық үлгілері, сөздік қорды байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқылады. Сонымен қатар, аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасы, аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым мамандар озық тәжірибесімен бөліседі», - деп хабарлайды орталықтан.

Курсты аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Әлпейісова Камал Әбілқасымқызы жүргізеді. Оған орталық және жергілікті атқарушы органдарының аудармашылары қатысады. Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталады.

Курс Нұр-Сұлтан қаласының Тұран көшесі 18 мекенжайындағы бизнес орталықта 22-26 маусым аралығында ұйымдастырылады. Күнде таңертең сағат тоғызда басталады.


Соңғы жаңалықтар