Елордада қай жылғы үйлер сүрілуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел астанасында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ескірген үйлерді бұзу жобасы іске асырылып жатыр. «ҚазАқпарат» ХАА әкімдіктен бұл жобаға қай жылы салынған үйлер кіретінін сұрап білді.

Редакцияның сауалына жауап берген Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мамандары сүрілетін үйлердің көбі кеңес заманында бой көтергенін атап өтті.

«ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1054 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде елордада апаттық тұрғын үйлерді бұзу жобасы іске асырылуда. Негізгі құрылыс конструкциялары мен инженерлік жүйелердің тозу деңгейі 61%-да асқан тұрғын үйлер бұзылуға жатады. Олардың салынған жылы 1940 жылдан 1980 жылға дейін өзгеріп отырады», - делінген әкімдіктің жауабында.

Әкімдік өкілдері сүрілген үй орналасқан жер теліміне қатысты да түсінік берді.

«Қолданыстағы заңнаманың талаптары бойынша апаттық тұрғын үйді бұзу және одан азаматтарды көшіру тұрғын үйді және үй орналасқан жер учаскесін реквизициялау тәртібімен жүргізіледі», - дейді тұрғын үй саласының мамандары.


Соңғы жаңалықтар