Елордада қай ауруханалар коронавирусты емдейтін стационарға бейімделді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елорданың қай ауруханалары коронавирустан емдейтін стационарға қайта бейімделгенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясымен күреске 15 стационар жұмылдырылды. Соңғы екі аптада бірнеше ауруханаларды – теміржол ауруханасы және тері-венерологиялық диспансерді және бас әскери клиникалық аурухананы қайта бейімдеуге тура келді. Сондай-ақ, Ramada Plaza қонақ үйі базасындағы стационар науқастарды қабылдауға дайын. Егер қажет болса, ол да іске қосылады», - деп жауап берді спикер елорда әкімдігінде өткен брифингіде тілші сұрағына.

Сонымен бірге, Т. Мұратов коронавирус инфекциясынан вакцинаның ғана құтқаратынын еске салды.

Айта кетейік, елордада эпидемиологиялық жағдай әлі де құбылмалы, қалада күніне 350-ден 650-ге дейін жағдай тіркеледі. Х алық көп жиналатын орындарда тұрғындарға вакцина салу пункттері ашылады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова үндеу жасап, халықты карантин шараларын сақтауға және індетке қарсы вакцина алуға шақырған еді.



Соңғы жаңалықтар