Елордада қарсы жолақпен жүрген таксистке қатысты іс қозғалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада такси жүргізушісі қарсы беттегі жолаққа шығып кеткені үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апаттық жағдай туғызған такси жүргізушісі қалың көлік ағынынан шығып, қарсы жолақпен жүре берген. Жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі автокөлік Достық көшесі жағынан Тұран даңғылымен келе жатқанда бейнебақылау камерасына тіркелген.

Патрульдік полиция қызметкерлері «Kia Rio» автокөлігінің жүргізушісін ұстады.

Қарсы жолаққа шыққаны үшін әкімшілік іс қозғалды, такси жүргізушісіне қатысты жиналған материал Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік сотына жіберілді.

Мұндай заңбұзушылық үшін жүргізушілер әкімшілік заңнамаға сәйкес 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.


Айта кетейік, 20-22 қаңтар аралығында елорда аумағында жедел алдын алу шарасы өткізілді.

Қоғамдық көлік жолаушыларына қолайсыздық туғызбас үшін, қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін ПД Жедел басқару орталығының бейнекамералары анықтады.

Ұялы телефонмен сөйлесу, қауіпсіздік белдігін тақпау, маневр және қарсы қозғалыс жолағына шығу сияқты заң бұзушылықтар тіркелген.

Жедел алдын алу шарасын өткізудің 3 күнінде әкімшілік жауапкершілікке 500 автобус пен такси жүргізушісі тартылды.

Шара барысында автобус жүргізушілері рейс алдындағы медициналық тексеруден өтеді, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауы тексеріледі.


Соңғы жаңалықтар