Елордада кәріз құдығы қақпағын ұрлаған күдікті ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада кәріз құдығы қақпағын ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таңғы сағат 8:00 шамасында 102 нөміріне Қарасай батыр көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында белгісіз адамның кәріз құдығы қақпағын ұрлағаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнынан автошолғындау кезекшілігі шұғыл жіберілді. Патрульдік полиция полкі экипажының құрамында полиция лейтенанттары Әділбек Керімбеков пен Абзал Өкен болды. Полиция қызметкерлері аумақты жіті тінтіп, 20 минуттың ішінде жақын көшелердің бірінен металл қақпақ арқалаған ер адамды ұстады», - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, ұсталған азамат ұрлық жасағанын мойындап отыр. Қазіргі уақытта күдіктің дәл осындай қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалған.


Соңғы жаңалықтар