Елордада қарды уақытылы тазаламаған мекемелерге 4,3 млн теңге айыппұл салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы күнделікті негізде қала аумағын қар мен мұздан тазарту жұмыстарын бақылауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы уақытқа дейін «Magnum cash carry» ЖШС (Тұран даңғылы 55), «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ (Мұхаммедханов көшесі 37), «Астана гүлдері» ЖШС-ға («Милана», Алматы к-сі 9) қызмет көрсететін ұйымдарға іргелес аумақты қар мен мұздан уақтылы тазаламағаны үшін айыппұл салынған. Айыппұл көлемі - 400 мың теңге.

«Сол секілді «Mega Silk Way» СОО, «Сарыарқа» СОО, «Астаналық цирк» МКПП, «Ailand» СОО, «Гастранмен» супермаркеті (Түркістан көшесі) және тағы басқа ұйымдар ескерту алды. Қыс басталғалы қарды уақытында тазаламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 4,3 млн теңге сомасына 107 қызмет көрсететін ұйым (ПИК, ӨК, ЖШС, 2020 жылдың қаңтар айында 1,25 млн теңге сомасына 49 ұйым), сондай-ақ 2,7 млн теңге сомасына 260 елордалық шағын және орта бизнес объектісі тартылған (2020 жылдың қаңтар айында 1,25 млн теңге сомасына 126 ұйым).

«Сонымен қатар мердігер ұйымдардың қар тазалау жұмыстары бақылауға алынды. Қыс басынан бері «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу...» ҚР ӘҚБК 505-бабын бұзғаны үшін барлығы 95 ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл көлемі 5,7 млн теңге. Ал 2020 жылдың қаңтар айында 38 ұйым 2,5 млн теңге айыппұл төледі. Әкімшілік жауапкершіліктен бөлек, қала әкімдігі қар тазалайтын мердігер ұйымдарға қатысты қосымша шаралар қабылдап жатыр.

Атап айтқанда, бір ұйым мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы тізіміне енгізілді. 10 ұйыммен қаланы санитарлық тазалау бойынша қызмет көрсету жөніндегі келісімшарт бұзылып, басқа компаниялармен жаңа келісім шарт жасалды», - деп хабарлайды әкімдіктен.


Соңғы жаңалықтар