Елордада қараусыз қалған 500-ге жуық кәріз, электр желісі анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 500-ге жуық иесіз желі қаланың балансына алынды. Бұл қала тіршілігін тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нысандарындағы коммуналдық апаттардың бір себебі — иесіз, қараусыз қалған желілер. Себебі оларға тиісті күтім жоқ, әрі іс жүзінде ешбір есепке алынбаған, деп жазды бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.

«Өткен жылдан бастап иесіз, қараусыз қалған желілер мен нысандарды қала балансына қабылдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Өткен жылы 680 желі анықталса, қазір оның 498-і иелікке алынды. Қалғаны бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Иесіз қалған желілердің арасында электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз және басқа желілері бар», - деп жазады А.Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар