Елордада карантин режімін бұзған 421 адам полицияға жеткізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада блок бекеттерден кіріп-шығу бойынша ерекше режімді бұзған 99 адам жазаға тартылып, оның 84-і қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«30 наурыздан бері елордада төтенше жағдай күшейтілді. Нұр-Сұлтан қаласының полиция басқармасы коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу бойынша барлық қажетті шараларды қолдануда. Полиция жасақтары көбейтілді. Қаланың барлық аудандарындағы азаматтар мен көлік қозғалысы қатаң қадағалануда.Тәулік бойы күзет жүргізіліп, жедел топтар, жаяу жасақтар қадағалауда. Блок бекеттердегі ахуал әуеден дрон арқылы бақылануда»,- деп мәлімдеді департамент мамандары.

28-31 наурыз аралығы қалалық ПБ аумақтық бөлімшелеріне 421 адам жеткізілген. 31 наурыздағы ақпарат бойынша, төтенше жағдай режімін бұзғаны үшін 434 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 90-ы қамауға алынды, 221-іне айыппұл салынды,103 адамға ескерту жасалып, 20 іс соттың қарауына жіберілді.

Блок бекеттерден кіріп-шығу бойынша ерекше режімді бұзғаны үшін 99 азамат жазаға тартылды. Оның 84-і қамауға алынды,14-іне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды, 1 іс соттың қарауына жіберілді.

ТЖ кезінде мас күйінде көлік жүргізгені үшін 1 азамат қамауға алынып, оған 40 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Кәсіпкерлік қызмет нысандары бойынша, 130 азамат жауапкершілікке тартылды. Оның 5-еуі қамауға алынып, 110-ына айымпұл тағайындалды,15 іс сотқа жолданды.

Естеріңізге салсақ, 28 наурыздан бері елордада үйден шығуға тыйым салынды. Тек азық- түлік алу үшін дүкенге, дәрі алу үшін дәріханаға және ем алу үшін медициналық мекемеге баруға, сондай-ақ қызметі рұқсат етілген жағдайда жұмысқа шығуға рұқсат етілген.

Сонымен бірге, кәмелеттік жасқа толмағандарға ересектердің ертуінсіз қалада жүруге шектеу қойылды, сондай-ақ көшелерде отбасы мүшелерін қоспағанда үш адамнан артық жиналуға тыйым салынды.


Соңғы жаңалықтар